Қарағандыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді
19 мамырда “Таир” СОО-да барлық жастағы жұмыссыз қарағандылықтар үшін кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы – Қарағанды әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы.
Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ жұмыссыздарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес беріледі.
Жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген адамдар, оның ішінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған, мүмкіндіктері шектеулі адамдар) қатыса алады.
Іс-шараға сондай-ақ зейнеткерлікке жақын қалған азаматтар да шақырылады. Оларға “Күміс жас” жобасына қатысу мүмкіндіктері туралы айтылады.
Жәрмеңкенің жұмыс уақыты: 15:00-ден 17:00-ге дейін.
“Таир” СОО мекенжайы: Космонавтов көшесі, 1в.
Байланыс телефоны: 996-397, 996-493, +7-775-644-35-80 (WhatsАpp).