Понедельник, 30.01.2023

Қарағандыда бір айда 44 адамның аяқ-қолы үсіп қалған, алтауына ампутация жасалды

Қарағанды облысында бір айда 44 адамның аяқ-қолы үсіп қалған, алтауына ампутация жасалды. Осы орайда, жергілікті дәрігерлер үсік шалғанда көрсетілуі тиіс алғашқы көмек жайлы айтып берді.

Биылғы 1 қарашадан бастап Қарағанды облысында аяқ-қолы үсіп қалған 44 науқас тіркелді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42%-ға көп. Үсік шалғандардың 22-сі стационарлық ем алу үшін ауруханаға жатқызылды, ал алты пациентке дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

Дәрігерлердің айтуынша, көбіне аяқ-қолдың үсуіне тап болған адамдарға алғашқы көмек шаралары дұрыс көрсетілмейді. Бұл ретте профессор Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологі Ерік Шонбаев еш жағдайда үсік шалған аяқ-қолды ысқылап, ыстық суға малуға болмайтынын ескертеді. Ең алдымен, ыстық сусынды көбірек ішіп, дененің үсіген бөліктерін жылу оқшаулайтын таңғышпен жылыту керек. Таңғыш қалың мақта қабатынан жасалады, онымен үсік шалған аяқ-қолды қымтап, үстінен орау және жылы қолғап немесе шұлық кигізу қажет.

«Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін дереу медициналық ұйымға хабарласу керек. Уақтылы қабылданған алғашқы көмек шаралары аяқ-қол ампутациясының алдын алуға көмектеседі», — дейді Ерік Шонбаев.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда үш жылда 1 300 шақырым жол салынбақшы

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *