Қарағанды облысының жас отбасыларын үздік бейнеролик байқауына қатысуға шақырады
Жеңімпаздар мен номинанттар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қарағанды облысында екі жылдан аспайтын некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың әрқайсысы 29 жасқа толмаған жас отбасылар арасында үздік бейнероликке байқау өткізіледі. Бейне өтініштер 5 қарашаға дейін қабылданады.
Байқауға қатысу үшін үміткерлер келесі тақырыптық бағыттар бойынша бейнеролик ұсынуы тиіс:
- отбасы институтын және отбасылық құндылықтарды нығайту;
- ұрпақтар сабақтастығы;
- отбасылық дәстүрлер;
- салауатты өмір салты;
- әлеуметтік жауапкершілік;
- отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Бейнелер MP4, mov, avi форматында 60 секундтан аспауы керек.
Өтінімдер мен бейнероликтер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 1 үй, 5-ші кеңсе немесе электрондық пошта арқылы: moo.smido.08@mail.ru.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін комиссия үш жеңімпазды, сондай-ақ келесі санаттардағы номинанттарды анықтайды:
- “Үздік актерлік құрам”;
- “Ең ерекше сценарий”;
- “Ең жас актер”;
- “Үздік музыкалық безендіру”.
Қазылар алқасы шығармашылық идеяны, түпнұсқалықты, дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуын бағалайды, жалпы эмоционалды қабылдауды атап өтеді.
Жеңімпаздар мен номинанттар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша ақпарат алу үшін 8-700-550-60-80 телефонына хабарласуға болады.
Конкурс “Жастар арасында отбасылық құндылықтарды дәріптеу жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру” жобасы шеңберінде өткізіледі.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі