
Париждегі әртістік (синхронды) жүзуден Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Виктор Друзин жеке еркін бағдарламада алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысты. Қазақстандық спортшыдан кейін құрмет тұғырына грекиялық екі синхроншы – Мариос Критсас пен Стильянос Фускис шықты. World Aquatics әлем кубогы жыл сайын өткізіледі және үш кезең мен суперфиналды қамтиды. 2024 жылы бірінші рет Бейжіңде өтіп, онда теміртаулық жас әрі болашағы зор жүзгіш Виктор Друзин Анна Павлецовамен дуэтте күміс медаль жеңіп алды. Ал «еркін соло» бағдарламасында қола жүлдеге ие болды. Әлем кубогының екінші кезеңі Парижде өтті. Ә.Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің Теміртау бөлімінің оқушысы Виктор Друзин жеке орындауда күміс жүлдеге ие болды. Ал үшінші кезеңде Канадада алтын жеңіп алды. Және дуэтте қола медаль иеленді. Бұл Виктор Друзиннің ересек мансабы бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары үлгідегі алғашқы медалі болды. Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында командалық еркін бағдарламада да көзге түсті. Әлем кубогының бірінші кезеңінде олимпиадалық резервтің облыстық жүзу мектебінің оқушылары Анастасия Воронкова, Полина Мерзлякова және Милана Ашаханова өнер көрсетті. Осы жеңістен кейін қыздарымыз ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.