Хабар

Қарағанды облысында тепловоз автобуспен соқтығысты

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында ірі жол апаты орын алды. Теміржол өткелінде тепловоз бен автобус соқтығысып, салдарынан 17 адам ауруханаға түскен, олардың екеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сәтбаев қаласында реттелмейтін теміржол өткелінде тепловоз бен автобус соқтығысты. Автобустың ішінде «Қазақмыс» кәсіпорнының жұмысшылары отырған. Жол апаты 10 тамыз түнде орын алды.

Зардап шеккендердің арасында тепловоз машинисі мен оның көмекшісі де бар. Жарақат алғандардың дені – «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі қызметтік автобустың жолаушылары.

stolknovenie

«Жол апаты салдарынан 17 адам ауруханаға түсті. Оларға ем-диагностика процедураларының барлық кешені көрсетілді. Екі адам ауыр халде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты», – деп мәлімдеді Қазақмыс компаниясының баспасөз қызметінен.

«Қазақмыс» корпорациясы зардап шекендерге қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Оқиға себептерін анықтау мен тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастап та кеткен.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар белгіленді», – деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

 

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button