Хабар

Қанат Ислам WBA рейтингінде 5-ші орынға көтерілді

WBA барлық салмақ дәрежесі бойынша әлем боксшыларының жаңарған рейтингін жариялады, деп жазды Sports.kz.

Қазақстан өкілдеріне қатысты тізімде аздаған өзгерістер бар.

Бірінші орта салмақта рингке шығатын Қанат Ислам бірқатар көтеріліп, үздік бестікке енді. Ал Жанқош Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесіндегі ТОП-15 қатарынан шығып қалды. «Уақытша» чемпион Жанат Жақиянов жеңіл салмақ санатында көшбасшы болып қалды.
Боксшының айтуынша, оған ең қажетті кеңесті бала кезінде бапкері беріпті. “Бала кезімде алғаш рет бокс жаттығуына барғаным есімде. Сонда бапкер бізден кім болғымыз келетінін сұрады. Біз бір ауыздан “Чемпион!” деп жауап бердік. Ол бізге сол кезде: “Чемпион дайындауға болады, дегенмен маған жақсы адамдар керек” деген еді. Ол кезде бұл сөздің байыбына бармағанымыз рас. Кейін үлкен рингке шыға бастаған кезде бапкерімнің сол кезде не айтқысы келгенін түсіндім. Шынымен де чемпионды дайындауға болады. Дегенмен “жұлдыз ауруына” шалдығып, өзіңе қоятын талаптарыңды азайтсаң, тағыңда ұзақ отырмайсың. Чемпион болу – дәреже ғана емес, рухани жүк”, – деді боксшы.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіби рингте 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button