Новости

Көктемгі аллергияның алдын алу

Көктем – өкінішке орай, өсімдіктердің белсенді гүлдену кезеңі көптеген адамдарға көктемгі поллиноз әкеледі.  

Аллерген өсімдіктері:
Қараған, жаңғақша, қандыағаш, емен, қарағаш, шаған, қайың, үйеңкі.
Әдетте, көктемгі аллергияның белгілері мамыр айының соңына дейін төмендейді. Көбінесе шаңды мегаполистердің тұрғындары аллергияның әртүрлі түрлеріне ұшырайды. Бұған экологиялық факторлар, ауаға улы шығарындылар, атмосфераның шаңдануы ықпал етеді.

Ең маңыздысы: аллергендермен байланысты азайтыңыз.
Табиғатқа шығудан бас тартыңыз. Гүлдену уақытында үйден шықпаған дұрыс. Серуендеуге кешкісін шыққан жөн. Жаңбыр жауғаннан
кейін серуендеңіз.
Бөлмені желдетіп, шаң тозаңнан бөлмені сақтаңыз. Ылғалды тазарту күнделікті болуы керек. Жуғыш шаңсорғышты қолданған дұрыс, өйткені олардағы сүзгілер шаңды жібермейді.
Даладан келген кезде, киіміңізді ауыстырыңыз. Күніне бірнеше рет душ қабылдап, мұрын мен көзді жуып отырыңыз. Бұл шаралар теріні тозаң мен қылшықтың тітіркендіргіш бөлшектерінен арылуға көмектеседі. Негізі, көктемгі аллергендермен жанасудан толығымен құтылу мүмкін емес. Сондықтан аллергияның алғашқы белгілері пайда болған кезде мамандарға жүгінген жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button