Новости

Сары-Арқа халықаралық әуежайда оқу жаттығулары өтті

2023 жылы 23 қарашада 14:40 та “Сары-Арқа” халқаралық әуежайда жұқпалы аса қауіпті ауруларға күдікті науқас анықталған жағдайда жүргізілетін жедел алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралары ұйымдастырылып, оқу жаттығу өткізілді.

Негізгі мақсат мүдделі мекемелермен бірігіп әлемдегі аса қауіпті эпидемиологиялық жағдайдың күрделуіне байланысты аса қауіпті аурулардың алдын алу мен ҚР аумағына таралып, көбейуіне жол бермеудің кесінді алгоритмін өңдеу. Қазіргі уақытта көшу-қон жағдайы мен қатынау құралдарының жылдамдығының мейілінше дамыған кезеңінде қарым-қатынаста жұғу мүмкіндігі мен эпидемиологиялық таралу, жұғу бейімділігі жоғары вирусті этиологиялық індеттердің оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулардың елімізге ену қауіпі жоғары екендігі белгілі.

Оқу жаттығулары халықаралық рейстер ұшып келу залында, әуежай оқшаулар изоляторында, медициналық мекемелердің қатысуымен шындыққа жуық жағдайда және тек жоспар бойынша өткізілді. Қызметтер кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button