Хабар

Қарағанды мұражайы үздік экскурсия жетекшісі атағына конкурс жариялайды

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 8–11 сынып оқушылары мен колледж студенттерін «Үздік экскурсия жетекшісі – 2023» байқауына қатысуға шақырады. Іс-шара 21 ақпанда бүкіл әлемде атап өтілетін Экскурсия жетекшісі күніне орайластырылған.

Байқауға қатысушылар Қазақстанның тарихы, географиясы мен мәдениеті бойынша жақсы білімге ие болуы, ақпаратты сенімді жеткізе білуі және жұртшылықтан қорықпауы тиіс.

«Мұражай экспозициясы бойынша экскурсия» және «Бір жәдігер тарихы» атты екі номинацияға қатысу міндетті.

Педагогтар үшін конкурсқа қатысушыларды дайындау бойынша онлайн-кеңес ұйымдастырылады.

Өтінімдер 15 ақпанға дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: museumkz@mail.ru.

Қорытындысы бойынша номинациялардың әрқайсысында үш жеңімпаз анықталады.

Конкурс туралы қосымшадан барлық мәліметтерді білуге болады.

Анықтама телефоны: (8-7212) 56-45-63.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button