Хабар

Қарағандыда ер адам көпірден секіремін деп, елдің есін шығарды

Қарағанды қаласының темір жол вокзалы аумағында полиция көпірден секірем деп қорқытқан 33 жастағы ер адамды төменге түсірді, деп оқиға орнынан хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«20 шілде күні таңғы 09:30-да Қарағанды ІІБ жедел басқару орталығының «102» нөміріне 33 жастағы ер адам хабарласып, көпірден секіргісі келетінін айтқан. Оқиға орнына барлық төтенше қызметтер шықты. Ер адамның бұрын ұрлық үшін сотталғаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдыосындай іске қаржылай қиындықтар итермелеген ,әрекеттің себеп-салдары мен мән-жайы анықталуда», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button