Хабар

Жыл мезгілдері ауысқанда қандай дәрумен ішу керек?

Дәрігерлер жыл мезгілдері ауысқан кезде қандай дәрумендер қажеттігін айтты. Әсіресе күзде құрамында В12 дәрумені бар тағамдарды тұтыну керек деп жазады Lenta.ru.

Дәрігерлер маусым ауысқанда, соның ішінде күзде адамдарда шаршағыштық сезімі басым болатынын алға тартты. Күн сәулесінің азаюы салдарынан температуралық тербелістердің әсеріне жиі ұшырайтын көрінеді. Суық ауа райымен күрес белсенуі салдарынан зат алмасу бәсеңдеп, иммундық жүйе әлсірейді. Сондай-ақ енжарлық пен депрессия күйі орын ала бастайды.

Бұл кезеңдегі жағымсыз салдарды жоюға сәйкесінше дұрыс тамақтану көмектеседі. Иммундық жүйені қалыпта ұстап тұру үшін ақуыз бен кальцийге бай өнімдерді тұтыныңыз. Дастарханыңызда В12 дәрумені бар өнімдер қоюға кеңес береміз, – деп отыр дәрігер мамандар.

В12 дәруменінің жеткіліксіздігі жүйке жүйесіне әсер етіп, депрессия, көңіл күйдің құбылуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы мен зейіннің төмендеуі, сонымен қатар үнемі шаршағыштықтың себептері болуы мүмкін.

Бірінші кезекте сүт, йогурт, айран, ірімшік, жұмыртқа, ет, тауық, балық сынды ақуыз бен кальцийге бай тағамдарды жеген дұрыс.

Екіншіден, С дәрумені мен антиоксиданттары мол өнімдерді қолдану керек. Олардың қатарына итмұрын, брокколи, апельсин, лимон немесе қызыл бұрыш жатады. Одан басқа, иммундық жүйеге селенге бай тағамдар жақсы әсер етеді. Селен теңіз өнімдері, саңырауқұлақ, күнжіт, сарымсақ, жуада мол.

Одан бөлек, дәрігерлер Д дәруменінің жеткіліксіздігіне жол бермеуге шақырады. Себебі иммундық жүйе әлсіреп, ауру жұқтыруға бейім келуі мүмкін. Д дәруменінің көзі күн сәулесі болып табылады. Алайда жұмыртқа, сүт, арқан балықты тұтыну арқылы да оның орнын толтыруға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button