Новости

Жер сілкінісіне байланысты ТЖМ жедел штаб құрды

6 қазанға қараған түні Шымкент, Түркістан және Жамбыл облыстары аумағында болған жер сілкінісіне байланысты жедел әрекет ету мақсатында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бірқатар штабтар құрды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жедел штаб ҚР ТЖМ командалық орталығында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменттері базасында жұмыс істей бастады.

Тұрғындарға жедел көмек көрсету үшін төмендегі «жедел желілер» іске қосылды:

  • ҚР ТЖМ командалық орталығы: 8 (7172) 70-41-18

  • Түркістан облысы ТЖД: 8 (7253) 35-78-86

  • Жамбыл облысы ТЖД: 8 (7262) 51-35-75

  • Шымкент қаласы ТЖД: 8 (7252) 95-57-06

ТЖМ мәліметінше, ведомствоаралық бейнеконференцияны Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев жүргізді. Кездесу барысында өңірлердегі ахуал сараланды.

Министрлік әзірге ғимараттардың қирауы немесе зардап шеккендер туралы мәлімет түспегенін хабарлады.

– ТЖМ жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр және аймақтармен тұрақты байланыста. Азаматтардан сабыр сақтап, тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз, – делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, дүйсенбіге қараған түні Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Back to top button