Хабар

Жеңіс Қасымбек «Ortalyq Qazaqstan» газетінің ұжымын мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Ortalyq Qazaqstan» газетінің ұжымын басылымның 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

“Өздеріңізге белгілі, биыл біздің Қарағанды өңірінің аға басылымдары – «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріне 90 жыл толып отыр. Арқа төсіндегі осы байырғы басылымдардың мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар келіп отырғанын атап айтқым келеді”, – деді ол өз құттықтауында.

Ол сонымен қатар екі газет те ел мүддесіне лайықты қызмет етіп келе жатқанын атап өтті.

“Басылым беттерінде өңіріміздің деректі шежіресін жасаған қаламгер қауымның зор еңбегі мен қолтаңбасы бар. Әр жылдары ұжымда қызмет еткен қаламгерлердің алдыңғы легі қалыптастырған игі дәстүрді кейінгі толқын заман талабына сай, лайықты жалғастырып келеді. Осы ретте газет ардагерлері мен журналистерді қос басылымның мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін!” – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар облыс әкімі қос басылымның торқалы тойымен құттықтап, бірнеше газет қызметкерін марапаттады.

“Ақпарат саласының үздігі”:

  • Сүйіндік Жанысбай – “Орталықтың” ардагері
  • Оксана Мягких – “Индустральная Караганда” газетінің бас редакторы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың Алғыс хаты:

  • Жансая Омарбек – “Орталықтың” бөлім меңгерушісі
  • Светлана Свич – “Индустральнаяның” журналисі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Алғыс хаты:

  • Шынар Адамбекова – “Орталықтың” бет қаттаушы
  • Самал Шиль – “Индустральнаяның” журналисі

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің Алғыс хаты:

  • Төрехан Майбас – “Орталықтың” ардагері, жазушы
  • Марал Әйнекова – “Орталықтың” аға дизайнер-бет қаттаушысы
  • Юрий Билушенко – “Индустральнаяның” аға дизайнер-бет қаттаушысы
  • Бағдат Нұрмағамбетова – “Индустральнаяның” журналисі
  • Асель Жетпісбаева – “Индустральнаяның” журналисі
  • Екатерина Кузнецова – “Индустральнаяның” журналисі

Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың Алғыс хаты:

  • Аяулым Совет – “Орталықтың” бөлім меңгерушісі
  • Жәлел Шалқар – “Орталықтың” бөлім меңгерушісі
  • Нұрдос Кәрім – “Орталықтың” Балқаш, Приозерск қалалары бойынша меншікті тілшісі
  • Дмитрий Мехаев – “Индустральнаяның” бет қаттаушысы
  • Оксана Мягких – “Индустральная Караганда” газетінің бас редакторы

Қазақстанның Құрметті журналисі:

  • Аман Жанғожин – “Орталық Қазақстан” ардагері
  • Сұлтан Кемелбаев – “Индустральная Караганда” ардагері
  • Әлібек Әбдіраш – “Орталықтың” журналисі
  • Андрей Пухальский – “Индустральная Караганда” газетінің ардагеріне берілді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button