Новости

Жеңіс күніне арналған құрмет: 6505 әскери бөлім сарбаздары 101 жастағы ардагерге арнайы барып құттықтау жасады

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ҚР Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің қызметкерлері тағылымы мол шара өткізді. «Жеңіске 100 күн» акциясы аясында олар Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Григорий Петрович Степенконы арнайы барып құттықтады.

Ардагердің үйіне бригада командирі полковник Максат Қырғызбаев, командирдің орынбасары подполковник Мақсат Мукаев және бөлім офицерлері мен әскери оркестр өкілдері барды. Олар ардагерге жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтары мен мерекелік сый-сияпат табыстады. Әскери оркестр ардагерге арнап патриоттық әндер орындап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Полковник Максат Қырғызбаев ардагерге алғысын білдіре келе:

— Сіздердің жанқиярлық ерліктеріңіз — біз үшін үлкен үлгі. Бейбіт өмірдің бағасын біліп, оны сақтау — бізге жүктелген қасиетті міндет, — деді.

Григорий Петрович сарбаздарға алғысын білдіріп, майдан даласындағы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, ол жас сарбаздарға батасын беріп, олардың қызметіне табыс тіледі.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге бағытталған маңызды іс болып табылады.

Статьи по теме

Back to top button