Хабар

Жастарға 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін кредит беріледі

Несие алушылардың жасы 21 мен 35 жас аралығында болуы қажет.

Кәсіпкер немесе кәсіп бастағысы келетін жастарға конкурстық негізде микрокредит беру қағидаты бекітілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Микрокредит алу шарттары:

21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар ала алады;
Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепіл қою қажет;
Несиенің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін – 5 жылға дейінгі, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ, негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайды. 

Министрлік микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарлайды.

Айта кетейік, микрокредиттер “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ арқылы беріледі. 

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button