КультураНовости

«Жас сұнқар – 2025»: Осакаров ауданында үздік жас көшбасшылар анықталып, марапатталды.

Осакаров ауданында аудан әкімінің жастарға арналған «Жас сұнқар – 2025» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды.

Биыл түрлі салаларда жетістіктерге жеткен 13 жас маман қаржылай сертификаттарға ие болды.

«Жылдың жас қорғаушысы» номинациясында аудан полиция бөлімінің криминалисі Әділ Әлімбаев жеңімпаз атанса, «Жас мемлекеттік қызметші» атағы Жұлдыз ауылдық округінің бас маманы Марат Қожахметовке бұйырды. «Жас медицина қызметкері» ретінде аудандық аурухананың терапевті Дәрия Әбілсейітова үздік деп танылды.

Қ. Сәтпаев атындағы мектептің музыка пәні мұғалімі Данния Тілеубек «Жылдың жас мұғалімі» атағын алды.

Ал «Мемлекеттік тіл – болашағым» номинациясының жеңімпазы — аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Анастасия Иванова.

Жеңімпаздардың бірі Әділ Әлімбаев бала кезінен полиция қызметкері болуды армандағанын айтты.

«Кішкентайымнан адамдарға көмектесіп, еліміздің қауіпсіздігіне үлес қосқым келді», — дейді ол. «Жас мамандарға арналған байқау туралы естігенде, дереу қатысуға шешім қабылдадым. Бұл менің кәсіби қабілеттерімді сынап, көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Жеңіске жетуіме отбасы мен әріптестерімнің қолдауы мен сенімі үлкен септігін тигізді. Осындай қолдау мен еңбектің арқасында үздік атандым», — деді Әділ Әлімбаев.

Back to top button