Хабар

Жас қарағандылықтарды әке туралы үздік бейне баяндағаны үшін жүлде күтуде

Бейнеге қойылатын талаптар мен байқау туралы жалпы ережені @super_papa_krg парақшасынан табуға болады. Байқауға қатысушыларды тек қазылар алқасы ғана бағалайды. Сонымен қатар, «Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясында онлайн-дауыс беру өтеді.

«Әкем бәрін жасай алады!» облыстық әлеуметтік жоба аясында Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы «Супер әке. Суперпапа» бейнероликтер байқауын жариялайды. Онда төрт номинация бар: «Біздің отбасымыздағы ерлер дәстүрі», «Әкемен бірге!», «Менің әкем — батыр!» және «Біздің көп балалы отбасымыз».

Барлық жастағы балалар өздерін режиссер ретінде таныстыра алады. Ыңғайлы болу үшін қатысушылар төрт санатқа бөлінеді: 3-5 жас, 6-11 жас, 12-15 жас және 15-18 жас.

Міндетті шарттардың бірі — @odb_abai және @super_papa_krg Instagram аккаунттарына жазылу қажет.

Шығармашылық жұмыстар мен толтырылған өтінімді 20-шы сәуірге дейін «бейнероликтер конкурсы» белгісімен odb_abai@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады. Әңгімелер мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Барлық видеосюжеттер @super_papa_krg байқау парақшасында орналастырылады. Байқауға қатысушыларды тек қазылар алқасы ғана бағалайды. Сонымен қатар, «Көрермендер көзайымы жүлдесі» номинациясында онлайн-дауыс беру өтеді. Әр номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Бейнеге қойылатын талаптар мен байқау туралы жалпы ережені @super_papa_krg парақшасынан табуға болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Back to top button