Хабар

Жаңа ережелерді бұзған темекі сатушылары қалай жазаланады?

Сауда орындарының иелеріне касса витринасына темекі қойғаны үшін 1,3 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. Жаңа нормаларды “Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін” ұлттық коалициясының жетекшісі және Темекіге қарсы коалицияның басшысы Жәмилә Садықова түсіндірді.

Садықова темекі шегуге қарсы күрес бойынша Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті әзірлеуге, сондай-ақ осы мәселе бойынша “Жарнама туралы” заңға түзетулер енгізу жұмысына қатысқан.

“Бұл шектеу балалар мен жасөспірімдерге жарнаманың әсерін және жалпы сатылым санының 80 пайызын алатын импульсті сатып алуды азайту мақсатында қабылданды, нәтижесінде ішінара тыйым салудан темекі шегушілердің үлесі 13,6 пайыздан 23,5 пайызға дейін төмендейді”, – деді ол.

Дүкен сөрелерінде темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым Денсаулық кодексінде және “Жарнама туралы” заңда жазылған, ал жаза Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қамтылған.

“ӘҚБтК-нің 455-бабына сәйкес жеке тұлғаларға салынатын айыппұл – 60 АЕК (2021 жылы 175 мың теңге – автор.) және ірі кәсіпкерлік субъекті болса, мысалы, азық-түлік дүкендерінің ірі желісі болса айыппұл 450 АЕК-ке дейін өседі (1,3 миллион теңге – автор.)”, – деді Жәмилә Садықова.

Осы бап бойынша бір жыл ішінде заңды қайталап бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 170 АЕК-ке дейін, 495 мың теңге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілерге 650 АЕК-ке дейін, 1,9 миллион теңге айыппұл салынады.

Садықова талаптың орындалуын жергілікті атқарушы органдар қадағалайтынын атап өтті.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап қазақстандық сатушыларға темекі өнімдерін сөрелерде ашық көрсетуге тыйым салынады.

Жаңа ережелерге сәйкес, темекі өнімдері туралы ақпарат дүкендерде көлемі 40х30 сантиметрден аспайтын ақ қағазда, қара түсті бірдей әріптермен және сатылатын өнім тізімі мен бағасы әліпби бойынша қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай жазылуы тиіс.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button