Хабар

Жаңа қаулы: Қарағанды облысында карантин шектеулері күшейді

Қарағанды облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Аталмыш құжатқан сай өңірде «Ashyq» қосымшасына қосылмаған бірқатар нысандардың қызметі тоқтатылады, деп жазады inform.kz.

Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай қолайсыз, күн сайын коронавирус инфекциясының 650-750-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп отыр.

Осыған орай 26 шілдеде Қарағанды облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Жұмыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:

1) Ashyq-қа қатыспайтын мынадай объектілердің:

– фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтары,

– спорттық-сауықтыру объектілері, спорттық объектілер,

– сауналар, СПА-орталықтар, бассейндердің қызметін тоқтата тұру.

2) Ashyq жобасына қатысушы келесі объектілердің қызметін сағат 17-00–ге дейін шектеу:

– қоғамдық тамақтану объектілері (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар, асханалар, жазғы алаңдар, банкет залдары және т.б.), бұл ретте Ashyq-қа қатыспайтын объектілер сағат 12-00-ге дейін жұмыс істейді (Ashyq-сыз қызметі тыйым салынған банкет залдарын қоспағанда);

– фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорт-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер;

– сұлулық салондары, шаштараздар, «барбершоптар», косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар;

– кинотеатрлар.

Сонымен қатар, демалыс күндері асханалар жұмысын тоқтатады.

Сондай-ақ, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, осы қаулының 3-тармағының 3.45-тармақшасында көрсетілген ұйымдардың қызметкерлерін 10 тамызға дейін COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егу, сондай-ақ КВИ-ға қарсы вакцинацияға тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар жатпайды.

Ондай көрсетілім туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін (қажет болған жағдайда) береді.

Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі.

Осы қаулы 29 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button