Хабар

Жаңа жылда балаға сыйлық таңдағанда қандай мәселеге назар аударған дұрыс

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаңажылдық сыйлыққа қойылатын талаптарды түсіндірді, деп жазады inform.kz

Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаңажылдық сыйлықты дүкен, супермаркет, бөлшек және көтерме сауда базары секілді ұйымдастырылған сауда орындарынан алу қажет.

«Сыйлықты сатып аларда ең алдымен оның мазмұнына назар аудару қажет. Жаңа жылдық сыйлықтарда тез бұзылатын өнімдер болмау керек. Тәттілердің құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар (E200, E202, E210, E249), синтетикалық бояғыштар, табиғи секілді хош иістендіргіштер, гидрленген майлар мен тоң майлар, сондай-ақ табиғи кофе болмауы керек. Табиғи бояғыштар мен хош иістендіргіштер құрамына рұқсат етіледі. Әр сыйлықта өнім туралы мемлекеттік және орыс тілінде ақпаратты қамтитын анық, оңай оқылатын белгі (затбелгі) болуы керек», — делінеді ведомство хабарламасында.

Кондитерлік өнім таңбасында мынадай ақпарат болуы тиіс:

өнімнің атауы;

дайындаушының өз аумағында тұтынушылардан шағым қабылдауға уәкілетті дайындаушының атауы және орналасқан жері (бар болса);

нетто салмағы;

дайындаушының тауар белгісі (бар болса);

өнімнің құрамы;

тағамдық құндылығы;

сақтау шарттары;

жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі (карамель үшін және драже);

өнім жасалған және сәйкестендірілуі мүмкін құжаттың белгіленуі;

сәйкестікті растау туралы ақпарат.

Жаңажылдық тәтті сыйлықты таңдағанда қаптаманың беріктігіне назар аудару керек.

Мазмұны, кәмпиттер мен басқа да тәттілер сыртқы әсерлерден жақсы қорғалуы керек, қаптама мықтап жабылуы керек, мыжылған немесе деформацияланбаған болуы тиіс.

Кондитерлік өнімдерді тоңазытқышта немесе қаптамада көрсетілген температура режимі бар бөлмеде сақтау керек.

«Егер жұмсақ ойыншық сыйлағыңыз келсе, бұл ойыншықта қатты немесе өткір бөгде заттар болмауы керек. Жұмсақ толтырылған ойыншықтың тігістері берік болуы керек. Сонымен қатар, таңбалау тұтынушы қаптамасына немесе ойыншықпен бірге жүретін төсемге жазылуы керек.

Таңбалау анық, жақсы көрінетін, өшірілмейтін болуы тиіс және онда: ойыншықтың атауы мен жас ерекшелігі, дайындаушы кәсіпорынның атауы, оның мекенжайы, жасалған күні, қауіпсіз пайдалану жөніндегі ескерту жазбалары болуы тиіс.

Үш жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарды дайындау үшін шыны мен түкті материалдарды қолдануға жол берілмейді.

Ойыншықтарда құрамында тез тұтанатын материалдар, қатты немесе өткір заттары бар толтырғыш материалдарды (шеге, ине, металл жоңқалар, шыны сынықтары және т. б.) қолдануға жол берілмейді.

Ойыншықтардың пішіні дұрыс, беті тегіс, өткір, кесетін жиектері, бұралуы және ойықтары болмауы керек»,— деп хабарлады қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button