Жаңа оқу жылының санитарлық талаптары

Биыл Қазақстан мектептері дәстүрлі білім беруге өтпек. Оқушылардың барлығы мектепке барып оқиды. Басты талап – санитарлық талаптарды ұстану. 1 қыркүйек – Білім күні де мектепте өтеді деп жоспарлануда.

Ендеше Білім және ғылым министрлігі мен елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сай мектепте қандай тәртіп сақталуы тиіс – соған тоқталып өтсек.

Ең алдымен мектепке тек денсаулығы түзу, аурудан аман оқушылар ғана келеді. Егер коронавирус белгілері байқалған оқушылар сыныппен түгел қашықтан оқуға көшеді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып науқаспен байланыста болған оқушылар болған жағдайда оларға синхронды қашықтан оқыту форматы ұйымдастырылады. Ата-аналардың өтініштері негізінде созылмалы науқастары бар балаларға медициналық ұйым анықтамалары негізінде асинхронды қашықтан оқыту форматы ұсынылады.

Сабақтың ұзақтығы – 45 минут.

Негізгі талаптар келесідей:

  • оқушылар күнде термометриден өтеді
  • маска режімі сақталады
  • уақыт сайын кабинетте кварцтеу жүргізіледі, желдетіліп, басқа да дезинфекциялау жұмыстары жасалады
  • бұқаралық және қоғамдық іс-шараларды шектеледі
  • бастауыш және жоғарғы сыныптарды араластырмау үшін уақыт сайын үзіліс беріледі,
  • оқушылар ауысып оқиды
  • педагогтар мен мектептердегі басқа да қызметкерлердің 100% вакцина алуы (медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мұғалімдерді қоспағанда),
  • бір кабинетте бір сынып қана отырады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанның 1178 елді мекенінде интернет мүлде жоқ

Осы күнге дейін сапа бойынша 408 тексеру жүргізіліп, 92 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *