Хабар

Зейнеткерлер жинағының жартысын ала ала ма? БЖЗҚ жауап берді

БЖЗҚ өкілдері зейнеткерлер зейнетақы жинағы сомасының 50 пайызын ала алатыны туралы жалған хабарламалар таралуына байланысты пікір білдірді.

“БЖЗҚ” АҚ қоғаммен байланыс бөлімі өкілдері тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасының заңнамасында зейнеткерлердің тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатындағы міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинағы зейнеткердің орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастырса, пайдаланыла алады”, – делінген хабарламада.

Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемі уәкілетті оператордан алғашқы электрон хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинағы мөлшерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.

Осыған байланысты БЖЗҚ әлеуметтік желілерде және басқа да ақпараттарда тарап жүрген, жинақтың 50 пайызын алу мүмкіндігі туралы “жалған” хабарламалардан сақ болуға кеңес береді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button