Четверг, 25.02.2021

Қарағанды облысында 174 елді мекенді көктемде су басуы мүмкін

Қарағанды облысының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден бақылау жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жағдайды бағалау мақсатында Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов Қарағанды, Теміртау қалалары мен Бұқар жырау ауданының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден тексеру жүргізді, деп жазады inform.kz.

Ұшу барысында Самарқанд және Федоров су қоймаларына, Соқыр өзенінің арнасына, Чкалово, Салонички, Рабочий, Ғ.Мұстафин атындағы елді мекендердің қорғаныс біліктерінің жай-күйіне аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Ұшу қорытындысы бойынша белсенді балқу процестері байқалмағаны, өзен арналарында тұрақты мұз қату байқалатыны анықталды.

Қарағанды облысының аумағында су тасқыны қаупі бар 174 елді мекен ерекше бақылауға алынды.

Өткен 2020 жылы Қарағанды облысының 33 елді мекені аумағында 22 км-ден астам қорғау бөгеттері мен дуалдары тұрғызылды және нығайтылды, өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін 12 км тереңдету, жағалауды нығайту, тазалау және кеңейту жүргізілді.

9 км су бұру арналарын салынды және жөнделді, 65,5 км дренаж және су бұру жүйелері тазартылды, 74 учаскедегі су өткізу қабілеті жоғарылатылды.

2015-2020 жылдар аралығында облыста барлығы 220 км қорғаныс бөгендері мен біліктері тұрғызылып, нығайтылды, 173 елді мекенде 76 км өзен жағалауларын нығайту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту орындалды.

«Бүгінгі күні облыстың барлық өңірлерінде қар шығару, материалдық-техникалық құралдар қорын құру, тасқын қаупі бар елді мекендер мен автомобиль және темір жол учаскелерінің дайындығын тексеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыста су тасқыны қаупі және туындауы кезінде басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Халық үшін ТЖ қаупі және туындауы кезіндегі іс-қимылдар бойынша арнайы ұсынымдар әзірленді. Су тасқынына дайындық мәселесі күнделікті бақылауда», — деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Қазақстанда ауа райына байланысты қай жолдар жабылды?

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің басқарма басшысы Ғабит Шымырбаев ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *