«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Жеңіс Қасымбек Президенттік кадрлық резерв мүшелерінің идеясын қолданбақ

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Президенттік кадрлық резерв мүшелерімен онлайн-кездесу өткізді. Белсенділер өңірді дамыту бойынша өз идеяларымен бөлісті. Бірде-бір ұсыныс назардан тыс қалған жоқ.

Резервке 6000-нан астам қазақстандықтың ішінен барлығы 300 адам кірді. Оның 41-і қарағандылықтар. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Бүгін сіздермен кездесіп, ашық диалог орнатқаныма қуаныштымын, — деді кездесуді ашқан Жеңіс Қасымбек.

Модератор, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Александр Данилов пікірлестердің азаматтық ұстанымын атап өтті.

«Резерв – бұл тағайындаулар, мемлекеттік қызмет және квазимемлекеттік ұйымдар туралы ғана емес. Бұл, ең алдымен, қазақстандықтардың өмірін жақсы жаққа өзгерту құндылықтары туралы», — деп атап өтті ол.

Кездесуде түрлі тақырыптар қозғалды.

Айнагүл Абдрахманова жастар жұмыссыздығының проблемалары және NEET-жастарды қолдау нұсқалары туралы баяндады. «Жерді қашықтықтан зондтау негізінде жер қойнауын пайдалану мониторингі» жобасын Самат Рамазанов таныстырды.

«Бұл өзекті тақырып. Бүгін пайдалы қазбаларды өндіру жабайы тәсілдермен жүргізілуде, бірақ онымен күресуге болады. Сонымен қатар, мониторинг әдістемесі бизнесті тексеруге мораторийді айналып өтуі мүмкін», — деп санайды баяндамашы.

Станислав Каримов мемлекеттік сатып алу кезінде стандарттау мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Азиз Ысқақов арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тиімділігін арттыру туралы ойларын ортаға салды.

Кездесу қорытындысы бойынша жаңа және пайдалы тәжірибелерді бірлесіп енгізу үшін Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Жеңіс Қасымбек резервшілерге өңірді тұрақты негізде дамытуға қатысуды ұсынды.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *