Вакцинациядан балалар өлімінің көбейгені рас па?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде балалар өлімі COVID-19-ға қарсы егу науқанының басталуымен рекордтық деңгейге жетті деген ақпарат таратылуда. Бұл — фейк, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

Мұндай тұжырымды соңғы жеті айда сатқан табыттарының саны бес жылдағы көрсеткішке теңескеннен кейін АҚШ-тағы табыт жасаушы кәсіпкер мәлімдеген екен.

Балаларға арналған табыттарға жаппай тапсырыс беру туралы сөз алғаш рет жалған ақпараттың рупоры болатын және үнемі COVID-19 пандемиясындағы вакцинация туралы фейктер тарататын әйгілі Стю Питерс шоуының эфирінде айтылды.

Балалар өлімінің артуы туралы оқиға желіде вирустық сипатқа ие болғаннан кейін, оны Lead Stories порталының фактчекерлері жоққа шығарды. Олардың мақаласында АҚШ-та COVID-19 қарсы вакцинацияға байланысты балалар өлімінің бірде-бір жағдайы тіркелмегені айтылған. Бірақ АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының есебіне сәйкес, осы жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша елде 1 694 бала COVID-19-дан қайтыс болған. Бұл өлімнің көп бөлігі балалар мен жасөспірімдерге арналған КВИ қарсы вакциналар мақұлданғанға дейін болғанын атап өткен жөн. Америкалық табыттар мен жерлеу жабдықтары қауымдастығының порталында елде балаларға арналған табыттарға деген сұраныс күрт өсті деген теорияны растайтын деректер жоқ. Қауымдастық өкілдері де Lead Stories порталына жақында балалар өлімінің күрт өскені туралы мәлімдемелерді растайтын статистика жоқ екенін айтқан. Балаларға арналған табыттарға сұраныстың артқаны туралы теориямен бірге барлық COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы бірдей және өмірге қауіпті деген тұжырым айтылған. Бұл олай емес. Әр түрлі компаниялар шығарған КВИ қарсы вакциналар бір-бірінен ерекшеленеді. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған препараттардың құрамымен танысып, оңай көз жеткізуге болады. Сондай-ақ жарияланған мәліметтерден вакциналардың құрамында қауіпті компоненттер жоқ екенін білеміз. COVID-19 қарсы вакциналардың қауіпсіздігі зертханалық және клиникалық зерттеулермен расталған. Демек таралған хабарлама – фейк.

Автор: Корреспондент

Читайте также

2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Зейнетақының ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады. 2023 жылдың 1 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.