Воскресенье, 23.01.2022
Фото - vechastana.kz

Участкелік инспекторларға қандай жаңа міндеттер жүктелген

Әкімшілік полиция комитетің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов участкелік инспекторларларға қандай жаңа міндеттер жүктелгенін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жолдауында атап өткендей, ұлттық полицияның сервистік моделі — учаскелік қызметкерлердің негізгі элементі болуға тиіс. Олар жергілікті тұрғындардың проблемаларын шешуге, қылмыстардың жолын кесуге міндетті. Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторларының институты ішкі істер органдарының жүйесінде ерекше көп функционалды саналады. Азаматтардың құқығын қорғау, отбасы-тұрмыстық қатынастар, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және тағы басқа мәселелерді шешуге қатысады. Өзінің атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар», — деді ол ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, инспекторлар 47 құрамы бойынша жазалау түрлерін қарайды және жаза қолданады. Олар белгіленбеген орындарда сауда жасау (204-бап), ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзу (408-бап), темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу (441-бап), қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу (505-бап), сондай-ақ ӘҚБтК 685-бабының 1-бөлігінде көзделген басқа да бірқатар құқық бұзушылықтарды қарайды. Сонымен қатар, заңнамада белгіленген мерзімде есеп беретін адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру арқылы жазаның жекелеген түрлерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

«Учаскелік инспектор отбасылық жанжалқорлардың, маскүнемдердің есірткі құмарлардың, бұрын сотты болғандардың өмір сүру салты мен іс-әрекеттерін үнемі бақылайды. Денсаулық сақтау органдарында олардың кейбірін мәжбүрлеп емдеуге көмек көрсетеді. Жалпы алғанда, учаскелік қызметкерлер – құқық бұзушылықтың ортақ профилактикасы жүйесінде негізгі буыны», — деді Жасұлан Байкенов.

Автор: Сабина Карпова

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *