Турникеттер, дабыл түймелері, бейнебақылау: Қарағанды облысының мектептерінде балалардың қауіпсіздігін күшейтеді

Қарағанды облысында білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда. Турникеттер мен дабыл түймелерін орнату бюджеттен қаржыландырылды. Мектептерде балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылар пайда болады.

Жаңа оқу жылында не істелетіні туралы онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте айтылды.

«Турникеттер оқушылар саны 500 адамнан асатын 158 білім беру ұйымдарында орнатылатын болады. Дауыстық хабарлау жүйелерімен контингенті 100 адамнан асатын ұйымдар жабдықталады – олардың жалпы саны 559. 1-ші қыркүйекке дейін 321 ұйымды дабыл түймелерімен, 158 ұйымды мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде өңірдегі барлық оқу орындары мен балабақшаларда 20 мыңға жуық бейнебақылау камералары бар. Өткен жылы 6 мың жаңа жабдық сатып алдық. Жүйені бейне мониторингтің заманауи стандартына сәйкес келтіру үшін келесі жылдан бастап бұлтты қызметтерді пайдалану жоспарлануда.

«Жазғы демалыс уақытында біз жол картасы бойынша жоспарланған барлық жұмыстарды орындауымыз керек. Қаржыландыру бар, барлығы үйлесімді жұмысқа байланысты. Бұл балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық инфрақұрылымға қатысты. Тек білім беру ұйымдарында ғана емес, сонымен қатар спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, балалар тұрып жатқан барлық жерде шаралар қабылдап, күшейту қажет», – деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысы жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейтуді тапсырды. Ол бейнебақылау жүйелері бойынша – оларды стандартқа жеткізу бойынша тапсырма берді. Тағы бір маңызды бағыт – психикасы бұзылған балаларды уақытында анықтап, оларға көмектесу үшін психологиялық қызметтердің жұмысын нығайту болып табылады.

Кеңес беру және құқықтық көмек үшін жедел желі жұмыс істейді – (8-7212) 25-25-02 және 8-747-491-12-91.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Неліктен перзентханада босанған әйелді флюорографияға түсіреді?

Жас ананы перзентханадан шығармас бұрын өкпесін түсіруге жібереді. Ол не үшін керек және сәулелендіру сүт …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *