Воскресенье, 17.10.2021

Туристік орындарда «SOS» сигналын беру мүмкіндігі қашан пайда болады?

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді.

Оның айтуынша, интернет сигналы жоқ тауға, жазық далаға қажетті құрылғы орнату қаражатты талап етеді және ол мемлекет тарапынан бөлінуі тиіс.

Бүгін ғана осы мәселе жөнінде туризмге жауапты Мәдениет және спорт министрлігімен кездесу өткізген болатынбыз. Қазіргі күні ұлттық парк аумағын мобильдік телефон сигналымен қамтамасыз ету үшін базалық станция, антенналар қажет. Оны орнату да қиын емес. Бұл жерлерге энергетика тарту күрделі мәселе. Қазір осы жұмыстар үшін қанша қаражат қажет екені есептеледі. Осыдан кейін мемекет деңгейінде мәселе көтерілетін болады, — деді ол.

Бағдат Мусиннің айтуынша, операторлар мұны өз есебінен жүргізе алмайды.

Қазіргі күні 1200 ауылдың өзін интернетпен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Ал таулы, жазық аймақты интернетпен қамтамысз ету, оның ішінде туристік аймақтарды қамтумен тиісті ведомство айналысуы тиіс. Сондықтан оны потенциалды дамыту үшін мемлекеттен нақты қаражат қажет. Қазір осыған жауапты министрлікпен интернеті жоқ туристік аймақтарды көмек сигналын беретін дәрежемен қамтамасыз етуге қаражатты табу жолдарын қарастыратын боламыз. Бұл процес қанша уақыт алаты белгісіз. Бұл біздің құзырымыздағы мәселе емес, — деді ол.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағандыда спецкокс өндірісін ұлғайтады

Жаңа зауыттың құрылысы ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-тың өнеркәсіп алаңында басталып кетті. Бұл …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *