
Туберкулез: Ерте анықталса – емделеді. Аурудың алдын алу және қазіргі жағдайы
Гүлмира Муксинова – Эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімнің бас маманы
Туберкулез дегеніміз не?
– Бұл ертеден келе жатқан туберкулез микробактериясынан болатын жұқпалы, созылмалы ауру. Туберкулез адам организімінің барлық ағзаларын зақымдайды. Оның ішінде ең жиі кездесетіні бұл, өкпе туберкулезі. Ауру тек шаш пен тырнаққа ғана әсерін тигізбейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына дүниежүзінде 10 млннан астамы осы туберкулез ауруымен шалдығады екен. Сонымен қатар, бір туберкулез ауруымен ауырған адам 15-20 адамға жұқтыру қаупі бар. Бұл ауру адамдарға ғана емес, жануарларға да зақым келтіреді. Аурумен сиыр, қой, ешкі және т.б жануарлар ауырады. Туберкулезді алғаш рет байқаған 1882 жылы 24 наурыз күні неміс ғалымы Роберт Коха. Сондықтан, туберкулезге қарсы күн 24 наурыз болып белгіленген. Туберкулез ерте анықталса жылдам емделеді. Ең бастысы, емді дұрыс қабылдау керек. Ем дұрыс алынбаса, аурудың басқа түріне ауысып кетуі мүмкін.
Туберкулездің эпидемилогиялық жағдайы қалай қазіргі таңда?
– Біздің елімізде туберкулездің эпидемилогиялық жағдайы қарқыны төмендей бастады. Кейінгі жылдары туберкулез ауруына шалдығу азайып келеді. Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша, 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы туберкулез ауруымен ауру 0,3% жоғырылаған. Аурусыну деңгейі 27,1% төмендеген. Ал, туберкулез ауруымен ауырып қайтыс болу 52% төмендеген. Балалар арасындағы туберкулез ауруымен ауру 2023 жылмен салыстарғанда 68% төмендеді.
Туберкулез ауруы қалай тарайды?
– Туберкулез ауруы адамнан адамға ауа арқылы жұғады. Бұл жөтелу, түшкіру және т.б әсерлермен болады. Яғни, ауру белгілері шаң-тозаңнан пайда болады.
Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар.
– Туберкулез ауруы иммунитеті төмен адамдарға ықпал етеді.
Туберкулездің белгілерін атап өтсеңіз.
– Ауруға шалдығудың белгілері ең бірінші, ұзақ уақыт бойы жөтелу, дене қызуының жоғарылауы, дел-сал күйде болу, тамаққа тәбеті болмай арықтауға дейін алып барады. Әр организмге байланысты ағзаға тарайды.
Туберкулезді қалай анықтауға болады?
– 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы ауруды анықтау үшін манту сынамасын қояды. Дәрігердің бақылауындағы балалар мен жиі ауыратын балаларға осы туберкулез диагностикасы қойылады. Ал, ересектер үшін бұл флюрографиялық тексеріс. Сонымен бірге, диагностикасын қоятын ренгенологиялық жолмен, диаскинтес арқылы, қақырықты бактерскапиялық жолы арқылы тексереді. Қазіргі кезде, туберкулезді анықтауда жаңа тәсілдер қолданылып жатыр. Яғни, молекулалық әдіс арқылы және т.б әдістер арқылы диагностикасын қоюға болады.
Туберкулездің алдын-алу шаралары қандай?
– Ең бірінші, дұрыс тамақтану, таза ауада көбірек жүру. Жалпы, салауатты өмір салтын ұстану. Жыл сайын флюрографиялық тексерістен өту. Ең басты алдын-алу бала дүниеге келген кезде үш күннің ішінде туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинациясын жасату. БЦЖ вакцинасы – баланың тері ішіне жасалынатын вакцина. Бұл туберкулездің ауыр түрінен сақтайды. Вакцина алу – организмде иммунитетті жоғарылатады.
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күн не мақсатта жүргізіледі?
– 1993 жылдан бастап, туберкулезге қарсы айлық өткізіліп келеді. Себебі, туберкулездің жаһандық ауру екені, оның алдын-алуға болатын шараларды жүргізуді ұйымдастыру. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Адамдарды флюрографиялық тексерістен өтуге шақыру.