Новости

Трамп Тоқаев туралы жақсы пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жақсы адам ретінде сипаттап, журналистерден оған сәлемін жеткізуін өтінді.

Трамп бұл сөздерін 7 қыркүйек күні Ақ үйден шығып, ерлер арасындағы теннистен АҚШ ашық чемпионатының финалына бара жатқан кезінде айтты. Бір тілші Қазақстан туралы пікірін сұрап, болашақта Қазақстанға бару жоспары бар ма деген сауал қойды.

Президент Қазақстанға бару мүмкіндігі бар екенін айтты әрі Тоқаевпен мағыналы әңгіме өткізгенін жеткізді.

“Оған сәлем айтыңыз! Сіздің президентіңіз – өте жақсы адам,” – деді Трамп.

Статьи по теме

Back to top button