Хабар

Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес одағының батыры, – Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы, Кеңес одағының батыры, – Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды
, деп хабарлайды BNews.kz.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).
1991  жылы Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды.Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Қазақстанның:
«Халық қаһарманы» атағы
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
«Отан» ордені (1995)
Кеңес Одағының:
«Құрмет Белгісі» ордені (1987)
«Кеңес одағының батыры» атағы (1988),
«Алтын Жұлдыз» медалі (1988)
«Ленин» ордені (1988),
«КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш» (1990)
«КСРО ғарышкер-ұшқышы» (1991)
«Қазан төңкерісі» ордені (1991)
Австрия Республикасының:
«Алтын Крест» ордені 1988)
«Алтын Крест» ордені (1993)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button