Новости

Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы өз пікірін жеткізді

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммиттің екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің нәтижесінде мүмкін болғанын атап өтті. Ол өз сөзінде басшылардың қазіргі заманның ең өзекті мәселелері, оның ішінде Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтату жайлы ортақ шешім табуға шын ықыласпен ниет білдіргенін жеткізді.

Айта кетейік, Владимир Путин мен Дональд Трамп шағын форматтағы келіссөздер өткізді. Сонымен қатар, Зеленский кездесуден қандай үміт күтетінін айтты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен кездесуден кейін Fox News телеарнасына берген сұхбатында келіссөздерді «өте жоғары деңгейдегі» деп бағалады.

Статьи по теме

Back to top button