
Теміржол саласында жаңғыру: 2029 жылға дейін қандай өзгерістер күтілуде?
Қазақстан теміржол саласы ірі жаңғырту кезеңіне аяқ басты. Қазіргі таңда елімізде 1 967 локомотив бар болса, 2029 жылға дейін бұл сан 456 жаңа локомотивпен толықтырылмақ. Жаңа техника «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» мен Қытайдың CRRC компаниясынан жеткізіледі, — деді министр.
АҚШ-тың Wabtec компаниясының сараптамасы бойынша, қолданыстағы локомотивтер заманауи талаптарға сай және болашақтағы жүк тасымалын тиімді қамтамасыз етуге қабілетті.
Қазір елде 300-ден астам жүк тасымалдаушы оператор жұмыс істейді, олардың иелігінде 142 мың жүк вагоны бар. Бұл қазіргі тасымал сұранысын толық қамтиды. Оның ішінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының үлесі 41 пайызды құрайды. Бұл вагондар негізінен әлеуметтік маңызы бар бағыттарда пайдаланылады, — деп мәлімдеді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында.
Сонымен бірге, 2029 жылға дейін операторлар 7 мыңнан астам жаңа жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл жүк тасымалының өсіп келе жатқан әлеуетін сақтау мен дамытуға мүмкіндік береді.


