Хабар

Тегін оқыған студенттерге гранттарын еңбекпен өтеу міндеттеледі

БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов мемлекеттік грантта оқыған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелеріне қалай мониторинг жүргізілетінін министрліктің аппарат жиналысында айтып берді.

Грантта білім алған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелеріне «Қаржы орталығы» мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар жас мамандар өз міндеттерін орындамаған жағдайда жұмсаған қаражатының қайтарылуын қамтамасыз етеді. 2012-2020 жылдар аралығында оператор еңбекпен өтеу және қаржыны қайтаруды 5 категория бойынша қадағалады. Осы уақыт аралығында 80 604 түлек қамтылды. Осы жылдан бастап 6 категория бойынша мониторинг жүргізіледі, – деді ол.

Асқар Ибраимов атап өткендей, 2007 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңға сәйкес ауыл жастары арасынан шыққан ҚР азаматтары ауыл квотасы бойынша педагогикалық, медициналық, ветенариялық мамандықтарға түскен түлектер міндетті еңбекпен өтейтін. Сонымен қатар 2015 жылы заңға өзгертулер енгізіп, «Серпін» бағдарламасы бойынша педагогикалық, техникалық және ауылшаруашылығы мамандықтарына түскен түлектер де 3 жыл өтейтін болды.

Сонымен қатар 2015 жылы грантта басқа да мамандықта оқыған түлектерге еңбекпен өтеу міндеттелді. Сәйкесінше 2021 жылдың бакалавр және докторантура түлектері де өтейді.

Еңбекпен өтеу сұрақтарын бақылау кезінде туындаған проблемаларға тоқталды.

«Білім туралы» заңда жұмысты тек мемлекеттік мекемелерде өтеу талап етелді. Дегенмен меммекемелердегі жұмыс орындарының жоқтығы проблема туғызды. Екіншіден, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыту кезеңіне қарамастан, 3 жыл ішінде жұмысты өтеу жөніндегі жалпы талаптың болмауынан жас мамандардан шағым көп түсті. Сонымен қатар жұмыспен өтеу бойынша мониторингке жататын санаттың кеңеюіне байланысты бос орындардың болмау тәуекелі және басқа да мәселелер туындады, – дейді Қаржы орталығының басшысы.

Бұл проблемаларды шешу үшін 2021 жылы 8 қаңтарда қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізілді. Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтеу құқығы. Яғни мемлекеттік мекемелерден басқа, жеке ұйымдарда да жұмыс істей беруге болады. Сонымен қатар гранттан ақылы оқуға ауыстыру кезінде бюджет қаражатын міндетті өтеу туралы норма енгізілді. Яғни еңбекпен өтегісі келмей ақылы оқуға ауысқан студенттер грантта оқыған мерзімін қаржылай не еңбекпен өтейді.

baq.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button