КультураНовости

«Таза Қазақстан» акциясы: Қарқаралы жастары жартастарды вандализм іздерінен арылтты

«Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері еріктілермен бірге Жастар шыңында экологиялық акция ұйымдастырды. Олар жартастарды граффити, жазулар және басқа да вандализм іздерінен тазартып, табиғи аймақтың тазалығын қалпына келтіруге атсалысты.

Қарқаралы – тек әсем табиғатымен ғана емес, тарихи және мәдени құндылықтарымен де ерекшеленетін қасиетті өлке. Дегенмен, соңғы жылдары бұл жерде жартастарға жазу жазу, сурет салу сияқты вандалдық әрекеттер жиі кездесіп отыр.

Мұндай әрекеттер табиғи сұлулықты бұзып қана қоймай, қайталанбас тарихи және табиғи мұраға нұқсан келтіреді.

Акцияға қатысушылардың айтуынша, вандализммен күресте ең маңыздысы — қоғамда табиғат пен мұраларға деген жауапкершілік пен құрметті қалыптастыру. Бұл тек бір реттік шара емес, көпшілік санасын өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді жұмыс.

Статьи по теме

Back to top button