Такси қызметімен заңсыз айналысқандарға 150 АЕК айыппұл салынбақ

Жаңа заң жобасы биыл күшіне енуі мүмкін.

Елде заңсыз такси қызметімен айналысқандар қатаң жазаланатын болады. Қазір олардың көлігін айып тұрағына қою мәселесі қарастырылып жатыр. Заң жобасы қоғам талқылауына шығарылды. Көпшілік мақұлдаса, биыл күшіне енеді, деп хабарлайды informburo.kz.

Заңсыз такси қызметін көрсеткендерді әкімшілік жазаға тарту заң жобасы өткен жылдың тамыз айында ұсынылған еді. Алайда, кейін толықтыруға жіберілді. Енді жаңа нұсқасы «Ашық үкімет» порталында жарияланды. Бұл жолғы ұсыныста әкімшілік жаза қатаңдатылған.

«Бұл заң жобасы заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан адам анықталған жағдайда оның көлігін тәркілеп, айып тұрағына қою үшін дайындалған. Яғни құқық қорғау органдары заңсыз такси қызметі мәселесін шешкенше көлік айып тұрағында тұрады», – деді Әділет министрлігі заңнама департаменті әкімшілік заңнама басқармасының басшысы Салтанат Серікбаева.

Жаңа заң жобасында заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан жеке тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш, шенеуніктерге 25, ал заңды тұлғаларға 25-тен 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Егер жүргізуші 12 ай ішінде заң бұзушылықты қайталаса, бұл сома екі еселенеді.

Әкімшілік жазаға қатысты жүргізушілердің пікірі екіге бөлінді. Жолаушы тасымалымен заңсыз айналысқандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту заң жобасы «Ашық үкімет» порталында 19 сәуірге дейін қоғам талқылауында болады. Содан кейін Үкіметке жолданып, мәжілісте қаралады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минут ішінде алатын болады – министр

Жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.