Записи по тегам: Оқушылар

PISA: қазақстандық оқушылардың білім деңгейі айтарлықтай жоғарылаған

Қазақстанның атынан PISA зерттеуіне 270 мектеп пен колледж қатысқан. Мектептерге арналған PISA аппробациялық зерттеуінің ерекшелігі тест нәтижесі мемлекет деңгейінде ғана емес, әр қатысқан мектеп пен колледж бойынша есептеледі. Қазақстан әлемнің 14 елі қатысып отырған пилоттық зерттеудің валидациялық кезеңінен сәтті өтті, деп мәлімдеді «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы. Қазақстанның …

Читать дальше »

Оқушылар қыркүйектен бастап жаңа сабақ оқиды

Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курсты оқи бастайды. Бұл туралы БҒМ аппарат жиналысында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлімдеді. «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінгі күні бұл жаңа жоба …

Читать дальше »

Қарағандылық оқушылар жасанды интеллект бойынша халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қарағанды қаласының № 2 лицейінің он бірінші сынып оқушылары Даниил Кикимов пен Вадим Мажитов Artificial Intelligence Journey жасанды интеллект және деректерді талдау бойынша халықаралық конференциясында сенімді жеңіске жетті. Зияткерлік жарыс Мәскеуде өтіп, 100 елден 25 мыңнан астам оқушы жиналды.

Читать дальше »

Қарағанды онлайн дебат мектебі оқушылар қабылдауда

Қарағанды облысының 7–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері «Дебат Қарағанды» жобасына қатыса алады. Онлайн дебат мектебіне өтінімдер 30 қыркүйекке дейін meirmanovc@gmail.com электрондық пошта арқылы қабылданады.

Читать дальше »

Қарағанды облысының мектептерінде оқушыларды скринингтік тексеру жүргізіледі

Қарағанды облысында мектеп медпунктерінің базасында оқушылардың жоспарлы скринингтері өтеді. Оқушыларды стоматолог, офтальмолог, хирург, отоларинголог, эндокринолог, невропатолог және басқа да салалы мамандар қарайды.

Читать дальше »

Қарағанды облысының жазғы лагерлері 190 мыңнан астам оқушы қабылдауды жоспарлауда

Қарағанды облысында қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларда каникул уақытында 11 қала сыртындағы және 102 шатырлы және киіз үй балалар лагері жұмыс істейтін болады. Рұқсат етілген жағдайда, лагерлер 190 мыңнан астам оқушыны қабылдауға әзір. Олардың көпшілігі әлеуметтік аз қамтылған санаттан.

Читать дальше »