Записи по тегам: Асхат Аймағамбетов

Ата-ана енді мектеп асханасын бақылай алады. Ережеге қандай өзгерістер енгізілді?

Бұл асханаларда бағаның көтерілуіне жол бермеуі тиіс. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады. «Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарт жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және тағы басқалары қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып …

Читать дальше »

Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді

Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгереді. Оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте не үйретіп жатқанына мән бермейді. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жүргізген зерттеуде белгілі болды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында. Министр жиында ата-аналар жиналысының форматын өзгертіп, «мұғалім – оқушы – …

Читать дальше »

Мектеп оқушылары бір жылда 192 күн демалады

Жаңа оқу жылы 36 аптаға созылады. 2022-2023 оқу жылы 36 аптаға созылып, 31 мамырда аяқталады. Жаздың бірінші күнінен бастап оқушылар дәстүрлі демалысқа шығады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында хабарлады. «Бір оқу жылында балаларға каникулға 4 рет шығу мүмкіндігін қарастырдық. Оған қоса демалыс және мереке күндерін ескергенде оқушылар …

Читать дальше »

Колледжде оқуға талапкерлердің психикалық жай-күйі тексеріледі

Медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанында бағаланады. Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді. Өзгерістер бойынша кәсіпорындардың өтінімдері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін …

Читать дальше »

ҚР Оқу-ағарту министрі соңғы оқыған үш кітабын атады

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов соңғы оқыған үш кітабын атады, деп жазады inform.kz «Кітап оқыған өте маңызды. Өз жұмысымда әртүрлі талдауларды, сараптамаларды, ақпаратты оқимын. Оған қоса, әрине, көркем әдебиетті де оқу пайдалы. Соңғы оқыған кітаптарымның бірі — Мэтью Сайедтің «Қара жәшік» принципі» кітабы. Одан кейін Гарвард профессоры Майкл Сэнделдің «Тирания …

Читать дальше »

Аймағамбетов: Білім сапасы төмен өңірлерге баратын үздік ұстаздарға әлеуметтік пакет беріледі

Пакетте жалақының арттыру коэффициентін белгілеу, тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалға алу құнын өтеу сынды әлеуметтік шаралар қамтылмақ.

Читать дальше »