Хабар

Тағы 7 автожол ақылы болады

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторының жетік талдауының негізінде ақылы автомобиль жолдарының 7 жаңа учаскесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.

Олар: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Щучинск-Көкшетау, Қапшағай – Талдықорған; Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Шымкент – Қызылорда. Аталған учаскелер ақы алу жүйесінің барлық қажетті жабдықтарымен жабдықталған.

Учаскелерді пайдалану туралы бұйрықтардың жобалары мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтеді. 2021 жылғы 1 қарашадан бастап бірінші техникалық санаттағы учаскелердегі ақы алу жүйесі енгізіледі. Бұл ретте осы учаскелер ағымдағы жылдың өткен айынан бастап тестілік пайдалануға берілген болатын.

Тестілік пайдалану алгоритмдердің жұмысын, бағдарламаларды жөндеуді және нақты жағдайларда деректерді өңдеудің технологиялық процесін бақылау мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізу алдында ақы алу жүйесінің инфрақұрылымын кешенді тексеруді қамтиды.

Бағдарламаны іске асыру жоспарларына сәйкес, Қоғам Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ақы алудың «ашық» жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың мүлде болмауымен ерекшеленеді. Автомобильдердің өтуі арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен бақылау аркаларына бекітілетін болады.

«Ашық» жүйесінің басты артықшылығы, жолдарда кептелістердің/кезектердің болмауына байланысты автомобильдердің жылдамдық режимін сақтауы болып табылады (шлагбаум жүйесімен салыстырғанда).

Осындай жолдармен жүруге ақы төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың 20-дан астам нұсқасы қарастырылған.

2013 жылдан бастап I санаттағы ақылы учаскелер бойынша жол жүру мөлшерлемелері өзгерген жоқ (Нұр-Сұлтан ­– Щучинск бірінші ақылы учаскесі енгізілген сәттен бастап) және ол өзгеріссіз сол күйінде қалады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button