Хабар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз қайда хабарласуға болады

Алматыда полицияның азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын жақсарту, сондай-ақ Қырғызстанның ҮЕҰ және муниципалдық мекемелерінің әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен тәжірибе алмасу аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Қырғызстанның ҮЕҰ мен полиция арасындағы өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі зерттелді, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетудің тиімділігіне және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың күрделі мәселелері, сондай-ақ, оларды шешу жолдарына баға берілді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сондай-ақ полицияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда, қайда хабарласу керектігі жайында айтылды.

«Дереу «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз:

  • дағдарыс орталықтары одағы жанындағы сенім телефондары «150» және «111», WhatsApp қосымшасы +77081060810 (тәулік бойы, тегін, жасырын, құпия) немесе көмек алу үшін әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларына телефон арқылы хабарласыңыз.
  • Алматы қалалық Полиция департаменті: 254-45-99;
  • Алатау ауданы бойынша: 227-55-54;
  • Алмалы ауданы бойынша: 264-46-09;
  • Әуезов ауданы бойынша: 298-53-33;
  • Бостандық ауданы бойынша: 254-47-32;
  • Жетісу ауданы бойынша: 254-49-43;
  • Медеу ауданы бойынша: 254-48-66;
  • Наурызбай ауданы бойынша: 254-49-48;
  • Түрксіб ауданы бойынша: 298-54-25 телефоны арқылы.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Жан-Сая» дағдарыс орталығы: – 243-22-21.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана «Араша» – 317-57-17;

Қиын жағдайдағы әйелдер мен балаларға арналған баспана «Тин-Челлендж» – 252-99-63; 254-08-58;

«Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы – 396-19-38;+747-111-23-60;

«Реванш» жан-жақты қолдау орталығы +707-323-23-74.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button