Хабар

“Тұран барысы” Түркістанда өтеді

Турнирге Қазақстаннан бөлек, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан балуандары қатысады.

29 қазанда қазақ күресінен “Turan Barysy” Азия кубогы тұңғыш рет Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Турнирдің мақсаты – ұлттық спортты дамыту. Оған Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.

Кубок “командалық бетпе-бет” олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді. Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдеседі.

Турнирді Qazsport пен TRT Avaz телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button