Төтенше жағдай: Қарағандылық кәсіпкерлер өңірлерге көмек көрсету үшін қор құрып жатыр

Қарағанды облысының кәсіпкерлері жаппай тәртіпсіздіктен шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге көмектесуге әзір. Құрылыс материалдары мен азық-түлікті бір қорға жинап, Алматы және өзге де қалаларға жөнелтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының кәсіпкерлері құрылыс материалдары мен азық-түлікті ғана емес, керек болса жұмыскерлерді де жіберуге дайын. Бұл мақсатта арнайы қор құрылып жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер осы ниеттерін жүзеге асыру үшін аймақ басшылығымен келіссөздер жүргізуде.

«Қазір тек Алматы қаласында ғана емес, сонымен қатар басқа да облыстарда зардап шеккен адамдар бар және өз тарапынан қарағандылықтардың атынан көмек көрсетуге дайын болу үшін қор құрып, қаржы жинауда. Тек құрылыс материалдарымен ғана емес, сонымен қатар азық-түлік және қаржы жібереміз. Сондай-ақ Қарағанды облысының периметрі бойынша блокпостар салынған. Кәсіпкерлер оларға ыстық тамақ бергісі келді. Бірақ полиция мен әскерилерге ол қажет емес екен. Бұл тұрғыда оларда бәрі жақсы», — дейді Қарағанды облысы бойынша Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының басшысы Ермек Әбілдин.

Қарағандылықтар Оңтүстік өңірге материалдық көмек қана жібермейді, олар тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге қан тапсырған.

«Біз қан тапсырдық. Біз өз отандастарымыз үшін қолымыздан келген көмекті істеймәз. Бұл мәселеде көбі қуана келісім берді», — деп қосты Ермек Әбілдин.

Жаппай тәртіпсіздіктен Алматы ғана емес, еліміздің 9 өңірі зардап шекті. Жергілікті билік ғимарттары қирап, кәсіпкерлер шығынға батты. Ал ҚР Ішкі істер министрлігінің дерегінше ұсталғандардың саны 10 мыңға жуықтапты.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Онлайн, қашықтан оқыту, көктемгі каникул: БҒМ маңызды сұрақтарға жауап берді

Бүгін «БҒМ LIVE» жобасында Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Сапура Төлекова үшінші …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *