Суббота, 8.05.2021

«Тә­уел­сіз­дік: Сөз бен Су­рет» — ақындар мен суретшілерді республикалық онлайн-байқауына қатысуға шақырады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай Қара­ғанды облысы әкімдігі мәде­ниет, архивтер және құжаттама бас­­­қармасының қол­да­уымен «Мәдениет пор­­талы» ақпараттық агент­тігі ұйым­дас­тыр­ған «Тә­уел­сіз­дік: Сөз бен Су­рет» атты ақын­­дар мен су­рет­ші­лер арасындағы рес­пуб­­ли­калық онлайн-бай­қауы жарияланды. Өнер бәйгесінің жалпы жүл­де қоры – 7 600 000 теңге.

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан жобаның негізі мақсаты – өңір-өңірдегі суретшілер мен ақындардың шығармаларын наси­хаттау һәм таныту, олардың туын­дылары арқылы Қарағанды об­лысының тарихи тұлғаларын, мә­дени ескерткіштерін, сакралды орын­дарын, табиғатын, тәуелсіздік кезеңінде өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың есімін асқақтату, поэ­зия мен сурет өнерінің үндестігін бағалау әрі бағамдау, оқырман қауымның модерндік ортасын қа­лыптастыру болып отыр. Қазақ және орыс тілінде өтетін өнер са­йысы­на қатысушы ақындар мен суретшілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды. Кез келген дарынды үміткер бұрын жарияланбаған шығармасын «Мә­дениет порталына» тіркеу арқылы қатыса алады.

«Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы аясында жеңімпаз ақындардың өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударылып, суретшілердің картиналарымен бірге арнайы альбом дайындалмақ. Сондай-ақ жүл­дегерлердің шығармаларынан құ­ралған альбом ағылшын және орыс тілді мемлекеттердің ұлттық кітап­ха­наларына жолданады. Мұ­нымен қоса альбом арнайы түсірілген бейнероликтерге сілтеме берілген QR-кодтармен жарық көрмек.

Жүлделер жеңімпаздарға келесідей тапсырылады:

— екі бас жүлде /әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екеуіне 2 миллион теңге;

— екі I орын / әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екі адамға 1 миллион 600 мың теңге;

— төрт ІІ орын / әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – төртеуіне 2 миллион теңге;

— алты ІІІ орын / әр ақын мен суретшіге – алты адамға 1 миллион 800 мың теңгеге тең бөлінеді;

— екі ынталандыру сыйлығы/ әр ақын мен суретшіге / тең бөлінеді – екеуіне 200 мың теңге.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Мұнай әлемнің алға жылжуына қалай ықпал ететінін білесіз бе?

Informburo.kz «Шеврон» энергетикалық корпорациясымен бірге мұнайдың артықшылығы және оның қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі туралы баяндайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *