Среда, 16.06.2021

Тұрғын үй сертификаттары кімге тиесілі және оларды алу үшін Қарағандыда қайда жүгінуге болады

Тұрғын үй сатып алу кезінде бастапқы төлемді жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары беріледі. Олар ортақ табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен аспайтын әлеуметтік топтарға беріледі. 2021 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңгені құрайды. Көмек сомасы — тұрғын үй құнының 10%-ы, бірақ миллион теңгеден аспайды.

Тұрғын үй сертификаты келесі санаттарға беріледі:

— мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасыларға (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандарға);

— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған) көп балалы отбасыларға;

— толық емес отбасыларға (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Тұрғын үй сертификатын алу үшін Поспелов көшесі, 16, 10-шы кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгіну қажет. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Анықтама телефондары: 56-72-27.

Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға жүгінуге болады.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Несие берешегі бойынша «қара тізімнен» қалай шығуға болады?

Жаңа қаулыға сәйкес, борышкерлерді оңалтудың үш бағыты бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *