
Новости
Стэнфорд университетінің профессоры Тоқаевқа өзі қазақ тіліне аударылған кітабын тарту етті
Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевпен кездесті.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестициялар тарту мәселесін және Қазақстандағы жасанды интеллектке негізделген стартаптарды дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Президент еліміздің венчурлық инвестиция тарту жағынан өңірдегі алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Сондай-ақ ол профессор Стребулаевтың Қазақстандағы венчурлық экожүйенің дамуына қосқан үлесін және сарапшылық көзқарасын жоғары бағалады.
Кездесу соңында Илья Стребулаев Мемлекет басшысына өзі қазақ тіліне аударылған кітабын тарту етті.




