«Славян базары-2016» байқауы тағы бір қазақстандық әншіге жеңіс әкелді

Қазақ эстрадасында «АДАМ»- деген атпен танымал Даурен Оразбеков «Славян базары-2016» байқауынан жеңіспен оралды. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Әнші байқаудың бірінші күні Данил Коротаевтың сөзіне жазылған «Исповедь» әнін орындап 77 ұпайға ие болған. Ал байқаудың соңғы күнінде Sam Smith “I’m Not The Only” әнін орындап 78 ұпайды місе тұтты. Осылайша, екі күнде 155 балл жинаған Адам, белоруссиялық Алексей Гросске 2 ұпай жетпей 1-орынды қанжығалады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі шілденің 18-күні өтті. Бірінші орынды иеленген қазақстандық әншіге 15 мың доллар сыйақы табысталды.2014 жылы жас әнші осы байқауда 3 орын иеленсе, Димаш Құдайбергенов 2015 жылы бас жүлдені алған болатын.

Автор:

Читайте также

Қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минут ішінде алатын болады – министр

Жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.