Хабар

Синоптиктер қашан күн салқындайтынын айтты

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәулікте солтүстік-батыс циклонға Жаңа Жер аудандарынан суық антициклон тарайды.

“Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын орнына қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі және ауа температурасы минус мәнге дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады”, – делінген хабарламада.

Еліміздің солтүстік өңірлерінде термометр бағаны түнде 1-6 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз ауа температурасы 1-6 градусқа дейін жылынады, республиканың оңтүстік және батыс өңірлерінде күндіз термометр бағаны 15-23 градусқа дейін көтеріледі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button