Шахтадағы тексеру, кінәлілерді жазалау шаралары халыққа жариялануы керек — Эльвира Әзімова

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова «АрселорМиттал Темиртау» АҚ шахтасында қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, оқиғаға пікір білдірді.

«Шахтинск қаласындағы шахтадағы қайғылы оқиғадан 5 адамның өмірі қиылды. Қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамын және апат салдарынан зардап шеккен барлық азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Өткен аптада мен екі кездесу өткіздім, сол кездесуге қатысқан азаматтар шахтаға түскен кездегі өздерінің жеке әсерін бөлісіп, жұмыс берушінің қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау тұрғысынан міндеттемелерін орындауын қатаң бақылауға алу қажеттігі туралы пікір білдірген болатын. Бүгін де журналист осындай пікір айтып, кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы сұрақ қойды», — деп жазды Эльвира Әзімова Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, бұл — «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның шахталарында болған бірінші оқыс оқиға емес екені бәрімізге мәлім.

Мемлекет басшысы бүгін Үкіметке апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырған.

«Жеті шахта бір тәулікке жұмысын тоқтатты. Адамдар қайтыс болған сегізінші шахтада жұмыс тоқтатылып, тексеру жүріп жатыр. Бұл тексерулер жан-жақты, комиссиялық түрде ұйымдастырылуы тиіс, сондай-ақ қауіпсіздікті күшейту және кінәлілерді жауапқа тарту бойынша нәтижелер мен қабылданатын шаралар халыққа жариялануы керек», — дейді омбудсмен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды, Атырау және Сарыағашта диабет орталығы ашылады

Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда соңғы 15 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *