
Әйгілі спортшы Шавкат Рахмонов ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.
Солардың ішінде Шавкат Рахмонов та бар. Президент оның Қазақстанның беделін халықаралық деңгейде арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар марапатталғандар арасында мәдениет пен өнер саласының танымал өкілдері де бар.
