Хабар

Шағын несиеге сұраныс жылда 26 наурызда артады. Қарыз көлемі 30 мың теңгеден аспайды

Соңғы үш жылда микронесиеге деген сұраныс 26 наурызға келеді екен, тіпті, 2020 жылы болған локдаун кезеңінде де дәл солай болған.

Микронесиеге деген сұраныстың арту толқыны бастапқыда наурыздың 17 мен 20 аралығына келеді. Бұл кезеңде өтінімдердің саны күн сайын, орта есеппен, 7% артып отырады. Бірақ, өтінім қалдырушылар әдетте 30 мың теңгенің көлемінде ғана қарыз алады екен. Несие берушілер сұраныстың бұл түрін “мереке алды” деп атайды. Әдетте, қазақстандықтар дәл осы күндері Наурызға дайындала бастайды: азық-түлік пен сыйлықтар сатып алады.

Ал тура Наурыз мерекесін тойлайтын күндері қазақстандықтар керісінше, қарыз ақшаны көп іздемейді. Сұраныс әдетте 30% түседі. Өйткені, республика тұрғындары мереке күндері қонақ аралап, қонақ күтеді, сәйкесінше қаржыны ойлайтын уақыт болмайды. Аталмыш аралықта өтінім қалдырған күннің өзінде де, әдетте қарыз ақшаны ер азаматтар алады екен. Оған дәлел пайыздық көрсеткіш – 60% ер адамдар.

Екінші үлкен толқын наурыздың 23 мен 26 аралығында болады. Ал ең қызығы, Қазақстанда микронесиеге деген сұраныс жыл сайын және бір уақытта күрт артады. Ол күн дәлме-дәл 26 наурызға түседі.

Қазақстандықтардың Наурызға дейінгі, мереке кезіндегі және одан кейінгі қаржы сұраныстарын зерттей келе, “Robocash Group” халықаралық қаржы холдингінің мамандары сондай тұжырым жасаған.

Холдинг сарапшылары микронесиеге берілетін өтінімдердің корпоративтік статистикасын зерттеген, нәтижесінде соңғы үш жылда микронесиеге деген сұраныс 26 наурызға келетінін анықтаған. Тіпті, 2020 жылы болған локдаун кезеңінде де дәл осындай жағдай қайталанған.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button